«Қазгидромет» ауа райы құбылмалы болатынын хабарлады.
Синоптиктер бүгін 13 өңірде ауа райы құбылмалы болатынын ескертті
1,496
оқылды

Астанада күннің екінші жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күннің екінші жартысында екпіні – 15-20 м/с.

Күндіз Ақмола облысының солтүстік, батысы мен шығысында көктайғақ, жаяу бұрқасын күтіледі. Облыстың солтүстік, оңтүстігінде тұман күтіледі. Желдің екпіні кей уақытта 23 м/с күшеюі ықтимал.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан облысының солтүстігі мен шығысында тұман болады. Түнде облыстың солтүстік-шығысында 1-6 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Түнде облыстың басым бөлігінде 1-6 градус үсік жүреді.

Алматы облысында жауын-шашын (жаңбыр соңы қарға ұласады) болады. Таулы аудандарда қатты жауын-шашын (көбінесе қар), жаяу бұрқасын күтіледі. Таулы және тау етегіндегі аудандарда тұман, көктайғақ болжанады. Желдің жылдамдығы кей уақытта 23 м/с артуы мүмкін. Түнде облыстың солтүстігінде, тау етегіндегі аудандарда 3 градус үсік болады. Күндіз ауа температурасы 3-8 жылы. Өңірдің солтүстігі мен таулы аудандарында 1-6 үсік болады.

Алматы қаласында түнде және таңертең жауын-шашын (жаңбырдың соңы қарға ұласады), тұман, көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, түннің бірінші жартысында екпіні 15 м/с болады. Түнде 1-3 градус үсік жүреді. Күндіз температура 6-8 градусқа көтеріледі.

Жетісу облысының оңтүстігінде түнде жаңбыр, облыстың орталығында, шығысында, таулы аудандарында жаңбыр мен қар күтіледі. Таулы аудандарда тұман түседі. Желдің екпіні – 17-22 м/с. Алакөл көлдері аудандарында жылдамдығы кей уақытта 30 м/с және одан жоғары болады. Түнде солтүстікте, таулы аймақтарда 3 градус үсік болады. Күндіз ауа температурасы 4-9 градус жылы, облыстың таулы аудандарында 1 градусқа дейін күрт төмендейді.

Түнде және таңертең Қостанай облысының оңтүстігінде тұман болады. Батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігі мен шығысында екпіні – 15-20 м/с.

Жамбыл облысының оңтүстігі мен таулы аудандарында тұман, көктайғақ күтіледі. Желдің күші – 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында 1-6 градус үсік болады.

Күндіз Павлодар облысының солтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, түнде өңірдің солтүстігінде, күндіз басым бөлігінде екпіні – 15-20 м/с.

Түнде Қарағанды облысының шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігі мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың шығысында екпіні 15-20 м/с артады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының басым бөлігінде қар күтіледі. Күндіз облыстың солтүстік, шығысы мен оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Облыстың солтүстігі мен шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Желдің жылдамдығы 25 м/с жетеді.

Түнде Абай облысының шығысында, оңтүстігі мен орталығында қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Желдің екпіні 25 м/с болады.

Күндіз Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Күндіз облыстың солтүстігінде, шығысы мен оңтүстігінде көктайғақ, жаяу бұрқасын болжанады. Желдің екпіні 25 м/с артуы ықтимал.