42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлаған.
Астана тұрғыны жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды
1,665
оқылды

Астаналық азамат жүкті әйелін ұрғаны үшін 10 тәулікке қамауға алынды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

«102» арнасына елорданың 36 жастағы тұрғынынан оны жұбайы ұрып-соққаны туралы хабарлама келіп түсті.

42 жастағы ер адам үйінде кәмелетке толмаған екі баланың көзінше жұбайына қатысты балағат сөздер айтып, оның ар-намысын қорлап, оны ұрып-соққаны анықталды.

Белгілі болғандай, бұл ер адамның жұбайына бірінші рет қол  көтеруі емес. Аталған дерек бойынша, құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2-бабы бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Әкімшілік құқықбұзушылық жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың шешімімен ер адам 10 тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алынды.