Желі қолданушылары әншіге қызының ұзату тойына жолдасы неге қатыспағаны жайлы сұрақ қойған.
«Тойдың бар жауапкершілігін көтерді»: Алтынай Жорабаева күйеуі туралы айтты
216
оқылды

Әнші Алтынай Жорабаева әлеуметтік желідегі парақшасында оқырман сұрағына жауап берді, – деп жазды Aikyn.kz.

Желі қолданушылары әншіге қызының ұзату тойына жолдасы неге қатыспағаны жайлы сұрақ қойған. Өнер иесі бұған отбасындағы қайғылы жағдай себеп болғанын, алайда тойдың бар жауапкершілігін өз мойнына алғанын атап өтті.

«Жарты жыл бұрын қайын інім, Әлішердің бауыры кенеттен өмірден өтті. Сол қайғылы жағдайдан кейін Әлішер жақта бір жыл бойы аза тұтып, той-думанға қатыспау дәстүрі бар. Сондықтан Әлішер «Мен тойға қатыса алмаймын. Бірақ қызымыз Айнараның ұзатуын кейінге қалдырмайық. Құдаларды күтейік, есік-төрімізді көрсетейік. Өзім қарсы алып, танысып, қонақ қыламын» деді. Осы тойдың әрбір дайындығының басы-қасында жүрген де, бар жауапкершілігін көтерген де – Әлішер. Барлық жағдайды жасап, Айнараны абыройымен ұзатуға бар күшін салды. Сол үшін саған алғысым шексіз, Әлішерім. Алла қаласа, алда әлі талай қуанышымыз бар. Тұрмыс құрмаған төрт қызымыздың да тойын амандықпен бірге қарсы алып, бірге атап өтуді Алла нәсіп етсін. Әмин», – деп жазды өнер иесі. 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.