Ұсталған азамат Бішкек қаласының тергеу изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр
Қазақстаннан Қырғызстанға мефедрон жеткізіп келген қылмыстық топ ұсталды
2,721
оқылды

Қырғызстан полицейлері ҚР ҰҚК бірлескен арнайы операция аясында Қазақстаннан Қырғызстанға синтетикалық «мефедрон» есірткісін заңсыз тасымалдайтын ірі арнаның жұмысын тоқтатты, деп хабарлайды Қырғызстан ІІМ баспасөз қызметі.

Дерек бойынша, есірткі алып-сатарларының қызметін жоюға бағытталған бірлескен арнайы операция 6 ай дайындалған.

Жедел іздеу шаралары барысында Қырғыз Республикасы ІІМ қызметкерлері астаналық Ішкі істер бас басқармасы арнайы жасағының көмегімен бұған дейін құпия жерден жалпы салмағы 1,194 кг болатын, әрқайсысы 0,5 литрлік 4 пластик бөтелке психотропты затты алып бара жатқан 22 жастағы BMW маркалы автокөлік мінген жігітті жасырынбақ болған кезде ұстады.

Бұл - синтетикалық есірткінің 7164 дозасы, бағасы - 6,5 млн сомнан асады.

«Есірткі, психотроптық заттар мен олардың баламаларын өткізу мақсатында заңсыз дайындау, сатып алу, сақтау, тасымалдау, жөнелту» бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Ұсталған азамат Бішкек қаласының тергеу изоляторына қамалды, тергеу жүріп жатыр.