Астана қаласында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады
Қазақстанның 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
1,888
оқылды

 

Жамбыл облысының таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарында 15-20, екпіні 23 м/с жетеді. 19 сәуір түнде облыстың басым бөлігінде - 1-6 градус үсік, 20 сәуірде облыстың таулы аудандарында 1-3 градус үсік сақталады.

Жетісу облысының оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20, түнде Алакөл маңында - 23-28 м/с. Түнде облыстың басым бөлігінде 2-7 градус үсік жүреді.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман түседі. Батыстан, солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түнде және таңертең Ақмола облысының оңтүстігінде, шығысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және таңертең облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде тұман түседі. Солтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Маңғыстау облысыныңбатысында, оңтүстігінде, орталығында шаңды дауыл соғады. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні - 15-20 м/с.

Астана қаласында түнде және таңертең көктайғақ, тұман болады.

Алматы облысындатүнде - 1-6 градус, Алматы қаласында1-3 градус үсік жүреді.

Атырау облысының солтүстігінде, батысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз 15-20 м/с.

Түнде және таңертең Павлодар облысыныңоңтүстік жартысында жаяу бұрқасын, көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының солтүстігінде тұман түседі. Жел шығыстан соғады, күндіз облыстың шығысында күші - 15-20 м/с. Түнде облыстың солтүстігінде топырақ бетінде 3 градус үсік сақталады.

Күндіз Шығыс Қазақстан облысыныңсолтүстігінде, шығысында, орталығында жауын-шашын (жаңбыр, жылбысқы қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында - көктайғақ. Оңтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, облыстың солтүстігінде, шығсында, оңтүстігінде - 15-20, күндіз екпіні - 23 м/с.

Күндіз Абай облысының орталығында, шығысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Облыстың солтүстігінде, шығысында көктайғақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, түнде облыстың солтүстігінде, батысында екпіні - 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде 15-20, облыстың орталығында, оңтүстігінде екпіні - 25 м/с.