Петропавл қаласы ПБ-ның кезекші бөліміне Н.Назарбаев көшесіндегі тұрғын үйдің 5-қабаттағы терезесінен 67 жастағы әйел құлап, алған жарақаттарынан оқиға орнында жан тапсырғаны туралы хабарлама келіп түскен.
Аталған факт ҚР ҚК 105-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізілімінде тіркелді.
Қазір істің мән-жайларын жан-жақты зерттеуге бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, олардың нәтижелері бойынша түпкілікті процестік шешім қабылданатын болады.