Желіде 300 мың теңге көлемінде зейнетақы төленетіні жөнінде ақпарат тарады

Алаяқтар YouTube желісінде арнайы парақша ашып, қолданушылардан жеке деректерін қалдыруды сұрайды екен.

Әлеуметтік желіде 300 мың теңге көлемінде зейнетақы төленетіні жөнінде жалған ақпарат тарап жатыр.

 

Алматының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметі бойынша, YouTube арнада алаяқтар сайтқа кіруді сұрайды.
 
«Назар аударыңыз, бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Бұл – алаяқтық!» делінген хабарламада.