8-20 сәуір аралығында өңір аумағында "Anti-fraud" іс-шарасы өтті
Әлеуметтік желіде фейк-парақшалар ашып, өтірік iPhone сатқандар ұсталды
1,729
оқылды
Күдіктілер Атырауда ұсталды. 18-20 сәуір аралығында өңір аумағында "Anti-fraud" іс-шарасы өтті.

Жедел-профилактикалық іс-шара барысында Атырау облысы полиция департаменті және Талдықорған қалалық полиция басқармасы киберқылмысқа қарсы күрес кызметкерлері бірлесіп қылмыстық топты анықтап, ұстады.

"Күдіктілер әлеуметтік желі арқылы жалған парақша ашып, Iphone телефонын саудалап, алаяқтық әрекетімен айналысқан. Нарықтағы бағадан арзан смартфон аламын деген тұрғындар ақшасынан оңай айырылып қалған. Ал алаяқтар ақшаларды қолма-қол шығару арқылы дропперлерге аударып, кейін өздерінің есепшоттарына аударып отырған. Жәбірленушілер арасында Семей қаласы, Алматы, Астана қаласы, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау қаласы, Ұлытау, Өскемен қаласы, Шымкент, Орал қаласы, Павлодар облыстарының тұрғындары бар", - дейді полиция.
Алаяқтарға алданған жәбірленушілер арасында Семей, Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Ақтау, Өскемен, Шымкент, Орал қалалары мен Ұлытау, Павлодар облыстарының тұрғындары бар.Ұсталған 18 және 56 жастағы күдіктілер – Алматы қаласының тұрғындары.
 
«Күдіктілерден екі IPhone 14 және IPhone 12, IPhone 6s , Samsung, ноутбук, 12 SIM-карта, Beeline модемі, түбіртектер тәркіленді. Жәбірленушілерге келген шығын көлемі 2 млн теңгеге жуық екені анықталды. Қазір ұсталған күдіктілерге қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабының 3-бөлігі бойынша тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», -деп мәлім етті департаменттің баспасөз қызметі.
 
Өзге ақпарат ҚР Қылмыстық-поцестік кодексінің 201-бабына сәйкес жариялауға жатпайды.Еске сала кетелі