Рыбакина алғашқы ойында германиялық теннисші Юле Нимайермен кездесті
Елена Рыбакина Stuttgart 2023 турниріндегі алғашқы кездесуінде жеңіске жетті
922
оқылды
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Германияның Штутгарт қаласында өтіп жатқан WTA 500 Porsche Tennis Grand Prix Stuttgart 2023 турнирінде алғашқы кездесуін өткізді.

Рыбакина алғашқы ойында германиялық теннисші Юле Нимайермен кездесіп, екі сетте 7:5, 6:3 есебімен жеңіске жетті. Ойын 1 сағат 30 минутқа созылды.

Матч кезінде Елена тоғыз рет эйс, бір рет қос қате жасады.