Жабайы өсімдіктерді даладан жинаған адамдар да салық төлеуі тиіс.
Саңырауқұлақты айдаладан терген адам да салық төлейді
1,726
оқылды

Салық заңнамасына өзгерістер енгізілді. Сондықтан 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап орманды пайдаланғаны үшін төлемақы жаңа ережелермен толықты. Орман және өсімдіктер ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы төлейді (Салық кодексінің 69-тарауының 6-параграфы). Бұл туралы Aikyn.kz Мемлекеттік кірістер комитетіне сілтеме жасап хабарлайды.

Мәселен, егер қазір  мемлекеттік орман қоры және ерекше қорғалатын табиғи аумаққа (оның ішінде дәрілік өсімдіктер, жабайы жемістер, жаңғақтар, саңырауқұлақтар, жидектер) ғана салық салынады. Келесі жылдан бастап салық салу объектілеріне осы аумақтан тыс жерде жиналатын өсімдіктердің жабайы түрлері де енгізілген. 

Мемлекеттік орман қоры аумақтарынан және ерекше қорғалатын табиғи аумақтардан тыс жиналатын фармацевтикалық, азық-түлік және техникалық қажеттіліктер үшін өсімдіктердің жабайы түрлері бойынша төлемдер өсімдік ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ретінде қаралады. Өсімдіктердің жабайы түрлерін дайындау (жинау) кезінде алынады.

Облыс, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті өкілді органдары (мәслихаттар) өсімдіктердің түрін, жабайы өсімдіктерді жинаудың бір келісі үшін төлемақы мөлшерін белгілеп, сомасын есептейді.

Өсімдіктер дүниесін арнайы пайдалану тәртібімен өсімдік ресурстарын пайдалану құқығы жабайы өсімдіктерді дайындау (жинау) туралы төлемақы төленген және хабарлама жіберілген жағдайда беріледі. 

Өсімдіктердің жабайы түрлерін дайындауды (жинауды) жүзеге асыратын тұлғалар тоқсан сайын, есепті тоқсаннан кейінгі айдың 20-күнінен кешіктірмей жылдық төлемақы сомасынан тең үлестермен өсімдіктерді дайындап, жинаған орны бойынша бюджетке төлемақы төлейді.

Төлемақы бойынша салық есептілігі ұсынылмайды.