Отан үшін от кешіп, жанын қиған боздақтарға арнап Құран бағыштады.
«AMANAT»: Бауырластар зиратынан бір уыс топырақ алып келді
902
оқылды

Түркістан облысы Сайрам ауданындағы дендросаябақта Ұлы Отан соғысында ерен ерлік көрсеткен батырдың есімін ұлықтады. Кеудесін оққа тосып қаза тапқан Ергаш Претовтің топырағы елге жеткізіліп, туыстарына табыстады. 

Іс-шараға «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев, облыстық Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің бастығы, полковник Нұрмахан Дюсебаев, Сайрам ауданы әкімінің орынбасары Мадияр Оразалиев, «AMANAT» партиясы Сайрам аудандық филиалының төрағасы Алмас Әбдіқадыров арнайы қатысты.

Ергаш Претов – Түркістан облысы Сайрам ауданы Қарамұрт елді мекенінің тумасы. Ардагердің немересі Абдуғани Претов атасының жерленген жерін көп іздеген. Нәтижесінде, Ресейдің Новгородский облысы Парфинский ауданынан тапты. Бауырластар зиратына  барып тағзым жасап, топырағын туған жеріне алып келді. Елдің қайсар перзенті 1906 жылы дүниеге келіп, сұрапыл соғыс майданына аттанып, ажалмен бетпе-бет арпалысты. 1943 жылы ерлікпен қаза тауып, сол маңда жерленген.

«AMANAT» партиясының«Ардагерлерді ардақтайық!» партиялық жобасы аясында өткізілген шарада сөз алған Алтынсары Дүйсенбекұлы сол бір соғыстың салқыны бүкіл елдің жүрегін мұздатып, ананы баладан, баланы әкеден айырып қан жылатқанын  еске алды. Бұл іс-шара өскелең ұрпаққа үлгі екенін түсіндірді.

Сондай-ақ Отан үшін от кешіп, жанын қиған боздақтарға арнап Құран бағыштап, осы істі жасаған Абдуғани Претовтің ісі елге мақтаныш екенін атап өтті.