Түркістан облысында 9-сынып оқушысын пышақтап, денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағандарын айтып берді.
Денесін арыққа ағызып жіберген – күдіктілер оқушы қызды қалай өлтіргенін айтты
18,148
оқылды

Төрткүл ауылындағы мектептің 11-сынып оқушысы мен оның 19 жастағы сыбайласы марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған.

Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болыпты. Бірақ екі арада жанжал шығып, олар 15 жасар оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Ал денесін арыққа ағызып жіберген.

Олар қылмысты қалай жасағанын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсетті.

"Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінде екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы  2-бөлігі  ("Адам өлтіру") бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", – деді Түркістан облысы ПД Криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Әбдірахманов.