Нұр-Сұлтан және үш облыста көктайғаққа байланысты тас жолдар жабық
Нұр-Сұлтан және үш облыста көктайғаққа байланысты тас жолдар жабық
© Сурет ғаламтордан
411
оқылды
Көктайғақ салдарынан Нұр-Сұлтан мен үш облыста жабық, – деп хабарлайды ІІМ ТЖК. "КазАвтодор" ЖШС мәліметтеріне сәйкес, автокөліктің барлық түрлері үшін Нұр-Сұлтан - Павлодар (Нұр-сұлтан - Павлодар облысының шекарасы), Нұр-Сұлтан - Көкшетау (18-231 шақырым, Нұр-Сұлтан-Щучинск учаскесі) автожолының екі учаскесінде қозғалыс жабылды. Ақмола облысында автокөліктің барлық түрлері үшін үш жол учаскесінде қозғалыс жабылды: Нұр-Сұлтан - Ерейментау - Шідерті (16-205-ші километр, Нұр-Сұлтан - Павлодар облысының шекарасы), Нұр-Сұлтан - Петропавл (304-341-ші километр, Көкшетау - СҚО шекарасы), Нұр-Сұлтан - Петропавл (18-231-ші километр, Щучинск - Нұр-Сұлтан). Солтүстік Қазақстан облысында Петропавл-Нұр - Сұлтан (473-341 шақырым, Петропавл-Ақмола облысының шекарасы) учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелді. Сонымен қатар, Нұр-Сұлтан – Ерейментау - Шідерті учаскесінде (205-235 шақырым, Шідерті кенті-Ақмола облысының шекарасы) автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектелген. Сондай-ақ, үш облыстың облыстық маңызы бар жолдары жабылды. Ақмола облысында қозғалыс 13 учаскеде көліктің барлық түрлері үшін шектелді. ШҚО - да Шемонаиха-Секисовка (0-54 шақырым) учаскесінде жүк және жолаушы көлік құралдары үшін қозғалыс шектелген. СҚО - да автокөліктің барлық түрлері үшін автожолдардың екі учаскесінде қозғалыс жабылды: Еленовка - Арықбалық - Чистополье-Есіл (17-209 шақырым), Арықбалық - Саумалкөл (0-27 шақырым). Барлығы 23 учаскеде қозғалыс жабылды, оның ішінде 7 республикалық және 16 облыстық маңызы бар. Сонымен қатар, ШҚО-да қар көшкіні қаупіне байланысты Өскемен - Алтай - Үлкен Нарын - Катон-Қарағай - Рахман қайнарлары (7-66 шақырым, Ушановское ауылы-Серебрянск қаласы), Өскемен - Тарғын-Самар (88-145 шақырым, Жоғарғы Тайынты ауылы - Самар ауылы) учаскелерінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.