Күдіктілер екі айға қамауға алынды.
Петропавлдағы сепаратизм:  «Халық кеңесінің» үш мүшесі қамауға алынды
1,924
оқылды

Биыл 19 наурызда «Халық кеңесінің» жиналысы әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Осыдан кейін 30 наурызда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаменті сепаратизм фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы хабарлады. 

Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы биыл 18 сәуірде Қылмыстық кодекстің 179-бабы 2-бөлігі бойынша ("Қауіпсіздікті ыдыратуға үгіттеу") және 180-бабы 2-бөлігі бойынша ("Қазақстан Республикасының біртұтастығы мен тұтастығын ыдыратуды насихаттау немесе оған жария түрде БАҚ және телебайланыс желілерін шақырумен материалдарды тарату") қарастырылған қылмыстық құқықбұзушылық жасағаны үшін Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Солтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментімен «Халық кеңесінің» үш мүшесі ұсталғанын хабарлаған.

2023 жылғы 20 сәуірде Петропавл қаласының мамандандырылған тергеу сотымен барлық үш фигурантқа қатысты мерзімі 2 айға «Қамауда ұстау түрінде» бұлтартпау шарасы санкцияланды.