«Қазгидрометтің» мәліметінше, алдағы екі-үш күнде жаңбыр жауып, тұман түседі. Дауыл соғады.
Еліміздің алдағы үш күнгі ауа райына Қара теңіз аудандарынан келетін циклон әсер етеді. Циклон батыстан шығысқа қарай жылжып, жаңбыр түрінде жауын-шашын тудырады.
Қазақстан бойынша тұман түсіп, жел күшейеді. Оңтүстік өңірлерде найзағай жарқылдап, шаңды дауыл соғады.
Бұған дейін солтүстікте жаңбырдың соңы қарға ұласуы мүмкін екенін жазған болатынбыз.
Фото: 365info.kz