Өрт болған жерден 4 және 10 жастағы екі баланың денесі табылды.
Ақтөбеде жеке үй өртеніп, екі бала көз жұмды
1,196
оқылды

Ақтөбе қаласында үй өртенді. Өрт болған жерден 4 және 10 жастағы екі баланың денесі табылды, – деп хабарлайды облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Оқиға бүгін таңғы сағат 04.08-де тіркелді. "112"  құтқару қызметіне Ақтөбе қаласы Алматы ауданы Жангелдин көшесіндегі жеке тұрғын үйдің жанып жатқаны туралы хабарлама түсті.  Өртті сөндіруге жеке құрамнан 16 адам және 3 бірлік техника жұмылдырылды.

«Шақырту орнына өрт сөндірушілер барған кезде жеке үйдің ас бөлмесі және кіреберіс бөлмесі өртеніп, шатырға ұласқаны анықталды. Өрт кезінде 2013 және 2019 жылы туған 2 баланың денесі табылды. 1954 жылы туған әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Барлығы үйде 5 адам болған. Өрт сағат 04.41-де оқшауланып, 04.49-да сөндірілді. Өрттің ауданы – 40 шаршы метр», –  делінген хабарламада.

Қазіргі кезде өрттің шығу себебі анықталып жатыр.