Марғұлан Бекенов Ресейдің «арнайы операциясына» үлес қосуға шешім қабылдағанын мәлімдеді.
Ресейде «Вагнер» жасағының құрамына кірген қазақ студенті видеоүндеу жасады
1,222
оқылды

Туыстары ұрланды деп мәлімдеген Марғұлан Бекенов Ресейдің «арнайы операциясына» үлес қосуға шешім қабылдағанын мәлімдеп, бейнеүндеу жолдады,  деп хабарлайды Qaz365.kz.

«БАҚ-та Томск мемлекеттік университетінің студенті, яғни мені ұрлап кетті деп жатыр. Шамасы, бұл алаңдап, мазасызданып, мені кез келген жолмен осы жерден алып кеткісі келген анамның әрекетінен шықса керек.

«Вагнер» ЖӘК компаниясына өз еркіммен соғысуға, арнайы әскери операцияға үлесімді қосуға келдім. Мен өзімді жақсы сезінемін, ұжым тамаша, өзімді таптым. Маған бұл жер ұнады. Психикалық және эмоционалды тұрғыда жағдайым жаман емес. Тағы да қайталаймын, мені ешкім ұрлап әкеткен жоқ»,  деді Бекенов күлімсіреп.

Айта кетейік, Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейде «Вагнер» жасағының құрамына кірді делінген қазақстандық студентке қатысты пікір білдіріп, қолдағы мәліметтерге сәйкес құжатта көрсетілген азамат «Вагнер» ЖӘК-мен өз еркімен келісімшартқа отырғанын хабарлаған болатын.

Қазақстанның Қылмыстық кодексі бойынша шетелдегі қарулы қақтығыстарға қатысқаны үшін бес жылдан тоғыз жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске сала кетейік.