Бүгінде Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.
Жетісайда кәмелет жасына толмаған қызды зорлады деген күдікпен оның көршісі ұсталды
1,489
оқылды

Түркістан облысының полицейлері зорлау қылмысы бойынша күдікті ер-азаматты қамауға алды, –деп хабарлайды Polisia.kz Telegram арнасы.

 

Бұған дейін ауыл тұрғыны Жетісай ауданының полиция бөліміне шағымданып, кәмелет жасына толмаған қызына көршісі зорлық-зомбылық әрекеттерін жасағанын айтқан еді.

Аталған жайт бойынша оқиға орнында жедел тергеу тобы барлық жедел шараларды атқарды.

Сонымен қатар бірқатар сот сараптамасы тағайындалды.

Бүгінде Қылмыстық кодекстің 122-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Бұл жайт Түркістан облысы ПД басшылығының тікелей бақылауында.