Атырау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура органдарының үйлестіруі бойынша 1978, 1984, 1988 жылдары туған күдіктілерді анықтап, ұстады.
Атырауда ұлттық компанияның магистральды газ құбырын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды
1,163
оқылды

Атырауда ұлттық компанияның магистральды газ құбырын ұрлаған қылмыстық топ ұсталды.

21 сәуірде Индер-Махамбет магистральды газ құбырларын заңсыз шығару арқылы «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ ұлттық компаниясының қорына ірі мөлшерде залал келтіруге байланысты қылмыстық істерді тергеу аясында Атырау облысы Полиция департаментінің Ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасы прокуратура органдарының үйлестіруі бойынша 1978, 1984, 1988 жылдары туған күдіктілерді анықтап, ұстады.

Сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 4-бөлігімен, яғни бөтеннің мүлкін аса ірі мөлшерде ұрлау дерегі бойынша жүргізіліп жатыр.

Күдіктілер уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Басқа мәліметтер тергеудің құпиялығын қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес жарияланбайды.