«AMANAT» партиясының Жамбыл облыстық мәслиха­тындағы депутаттық фракциясының кезекті отырысы өтті. Фракция отырысына облыс әкімінің бірінші орынбасары Нұржан Календеров пен облыстық мәслихат төрағасы Абдалы Нұралиев қатысты.
Жол картасы таныстырылды
1,278
оқылды

Күн тәртібінде «Ауыл ама­наты» жобасы аясында өңірде атқарылатын жұмыстар және ай­мақтағы еңбек қауіпсіздігі, еңбекті қорғау және еңбек даула­рын шешу мен алдын алу жұмыс­тары бойынша мүдделі органдар өкілдерінің есептері тыңдалды. Басқосуда «AMANAT» партия­сының 2023-2027 жылдарға ар­налған Сайлауалды бағдарла­ма­сын іске асыру жөніндегі Жамбыл облысы бойынша Жол картасы таныстырылды.

Жалпы, сайлау алдындағы уәделерді орындау нәтижесінде инженерлік-коммуникациялық, тұрғын үй және жол инфрақұ­ры­лымдарының өзекті мәселелері шешімін тауып, медициналық қөмек, білім беру және басқа да қызмет көрсету салаларының са­пасы жақсартылмақ. «Ауыл ама­наты» жобасы аясында бірқатар мәселе бар. Атап айтқанда, облыс орталығынан шалғай орналасқан ауылдарда сүт қабылдау пунктер салу, үй іргесіндегі жерді тиімді пайдалану мақсатында арық жүйе­лерін қалыпқа келтіру, тұр­ғын­дардың құқық анықтаушы құжаттарға салғырттығы, кепілге қоятын үйдің құжатын рәсімдеуді дұрыс жүргізбеуі. Сонымен қатар Мойынқұм, Қордай, Сарысу секілді шалғай орналасқан аудан­дардағы кепілге қойылатын үй­лерді бағалау – компанияларының төмен бағада есептеуі. 

Сондай-ақ жемқорлық факті­лерінің алдын алу үшін тұрғындар KEZEKTE.KZ цифрлық плат­формасы арқылы өтініш қалдыра алады. Нәтижесінде, тапсырыла­тын құжаттар 21-ден 7-ге дейін азайтылды.

Соңғы уақытта өңірдегі кә­сіп­орындарда еңбек қауіпсіздігі мен еңбек даулары жиі көтеріліп жүр. Оның ішінде Жаңатас қала­сындағы «Казфосфат», Тараздағы «Қамқор-Локомотив», ЖЭС кә­сіпорындары жұмысшыларының еңбекақысын көтеру, жұмыс жағ­дайын жақсарту мәселелері қаралды. Жиында осы мәселелер бойынша депутаттар тарапынан нақты ұсыныстар беріліп, іске асырылу барысы фракция бақы­лауына алынды.