Еліміздің көрнекті тарихи тұлғаларының өмір жолы мен шығармаларын кеңінен Торайғыров Университетінің профессорлары филология ғылымдарының докторы, мәшһүртанушы Айтмұхамет Трушев пен мәдениеттанушы, профессор Салтанат Әубәкірова насихаттады.
Қоғамдық дәрісті ашқан «AMANAT» партиясы Павлодар облыстық филиалының атқарушы хатшысы Айгүл Мәлікова жас буынға бабалар шығармаларын бойына сіндіру бәрімізге артылған міндет екенін атап өтті.
«AMANAT» партиясы ұлттық сананы қалыптасыру үшін ата-бабаларымыздың шығармаларын, еңбектерін, тарихын халыққа кеңінен тарату үшін бірнеше жобаларды қолға алды. Жас буын заңғар тұлғалардың өмірлік жолын өздеріне үлгі етіп, олардың шығармаларымен таныстыру біздің мақсатымыз, – деді ол өз сөзінде.
Дәрісті жиналған қауымға оқыған Айтмұхамет Трушев заңғар тұлғаларымыздың өмірлік жолы мен Мәшһүр Жүсіптің «Бес қымбатын» сөзге тиек етсе, ал Салтанат Әубәкірова олардың шығармаларына кеңінен тоқталды.
Менің ойымша, біз осы еңбектердің бәрін өзге тілге аударуымыз қажет. Мысалы, Торайғыровтың «Адасқан өмір» деген поэмасында сәби шағы, екіншісі – жігіт шағы, үшіншісі – ұлғайған, ақыл тоқтаған кезі, төртіншісі – кәрілік кезі, бесіншісі – өлген мезгілі суреттелген. Торайғыров 27 жасында өмірден өтті. Қазіргі таңда жастар не істеп жүр, қоғамға қандай пайдасы бар, өздеріне қалай есеп береді осындай ойларға осы еңбекті оқу арқылы түсінуге болады деп ойлаймын.