Көкшетауда орталық базардың екінші қабатынан эскалатормен түсіп бара жатқан әйел аяғын қысып алған. Оқиға Көкшетаудағы орталық базарда болған.
Эскалатор езіп жіберді – Көкшетаулық әйел 5 башпайынан айырылды
1,645
оқылды

Жедел жәрдем 67 жастағы әйелді көпсалалы облыстық ауруханаға жеткізген.

"Ауруханадан Щучинск қаласының 67 жастағы тұрғыны сол жақ аяғының 1-2, 4 башпайларының ашық сынығы" диагнозымен түскен. Әйел эскалатормен төмен түсіп келе жатқанда жарақат алған. Әйелдің айтуынша, өзінің алдында сүрініп құлаған адамды көтермек болғанда аяғы эскалатор баспалдақтарының арасына қысылып қалған. Қазіргі уақытта тергеу жүргізіліп жатыр", – деп жазды Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Әйелді травматолог дәрігер қарап, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Екпе салынып, жарақаты таңылған.

Емделуші Астанадағы көпбейінді ауруханасына жіберілді. Оған хирургиялық ота жасалады.

Аурухана дәрігерлерінің айтуынша, қазір емделушінің жағдайы қалыпты орташа ауыр. Есін біледі.