Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шеккен болатын.
Шымкенттік дәрігерлер қатты күйік шалған балаға 19 рет ота жасады
900
оқылды

Шымкентте қатты күйіктен 19 ота жасатқан 10 жастағы баланың жағдайы жақсарып келеді, – деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.

Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шеккен болатын. Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді.

Бүгінде дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген науқасқа 13 рет теріні ауыстыру операциясын және некрэктомия жасады.

Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болып, қазір палатаға ауыстырылған.

"Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Бала денесіндегі күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйіктен емделіп бастағананнан жағдайы жақсарды. Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", – делінген хабарламада.