Ресми сапар 3 мамырға жоспарланған.
ФИФА президенті Қазақстанға келеді
935
оқылды

Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың шақыруымен Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығының басшысы (ФИФА) Джанни Инфантино Астанаға арнайы келеді, – деп хабарлайды ҚФФ баспасөз қызметі.

Ресми сапар 3 мамырға жоспарланған. Былтыр күзде Әділет Барменқұлов пен Джанни Инфантино Франция астанасы Парижде кездесу өткізіп, футболды дамытуды кеңінен насихаттап, дайындық жүйесі мен жарыстарды ұйымдастыру, сонымен қатар Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту тақырыптарын талқылаған еді.

Халықаралық футбол федерациялары қауымдастығы басшысының Қазақстанға сапары аясында ел аумағында ФИФА қызметін дамыту бойынша халықаралық іс-шараларды ұйымдастыру мәселелерін талқылап, сонымен қатар Орталық Азия футбол қауымдастықтары арасында ынтымақтастықты арттыру алға қойылмақ.

Джанни Инфантино үшін Халықаралық футбол федерациясының басшысы қызметінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.