Алты айдан бері ауруханада жатқан бала теміржол төсенішінде ойнап жүріп, электр тогынан қатты күйік алып, зардап шеккен болатын. Оқиға 2022 жылғы 9 қарашада Шымкент қаласындағы теміржол вокзалының жанында болған еді.
Бүгінде дәрігерлер ауыр жағдайда жеткізілген науқасқа 13 рет теріні ауыстыру операциясын және некрэктомия жасады.
Денесі толық күйіп қалған бала шамамен 3 ай қалалық балалар клиникалық ауруханасының реанимация бөлімшесінде болып, қазір палатаға ауыстырылған.
"Пациент ауруханаға 2022 жылғы 9 қарашада өте ауыр жағдайда түсті. Баланың күйік мөлшері үлкен, 65 пайыз болды. Біздің ауруханада күйіктен емделіп бастағаннан кейін жағдайы жақсарды, - деді ол.
" Ауруханадағы білікті дәрігерлер баланың сауығып кетуі және оң нәтижелерге қол жеткізуі үшін қолдан келгеннің бәрін жасап жатыр", - делінген хабарламада.