Көкшетауда полицейлер азаматтық некедегі күйеуін өлтірді деген күдікпен әйелді ұстады. 19 сәуірде қалалық полиция басқармасына қала тұрғыны кенеттен қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.
Көкшетауда күйеуін өлтірген әйел ұсталды
1,267
оқылды

Полиция қызметкерлері оқиға орнына барған кезде 45 жастағы ер адамның мәйітін тапқан. Оның денесінде зорлық-зомбылық белгілері болған.

Тергеу барысында ер адамға ауыр дене жарақатын салды деген күдікпен марқұммен бірге тұрған әйел ұсталған.

Қайғылы оқиға болған күні азаматтық некедегі ерлі-зайыпты пәтерде өздері болғаны және олардың арасында жанжал туындағаны анықталған. Жанжал кезінде күдікті ер адамның кеудесіне пышақ сұққан, сот-медициналық сарапшының қорытындысы бойынша соның салдарынан жәбірленуші қайтыс болған.

Полиция басқармасы осы дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 106-бабы 3-бөлігі бойынша тергеуді бастады.