Жетісу өңірінде, Текелі қаласындағы мектептердің бірінде 7-сынып оқушыларына қателесіп ересектерге арналған кітапшалар берілген. Белгілі болғандай, білім ошағында психологтар балаларды сексуалдық тақырыпта оқытумен айналысқан.
Текеліде мектеп оқушыларына жезөкшелерге арналған нұсқаулықтар таратылған
914
оқылды

Текелі қаласындағы №8 мектепте болған. 7-сынып оқушыларына таратылған кітапшалардың мазмұны ата-аналардың наразылығын тудырды.

Бұл суреттер желіде тарап, халықтың талқылауына түсті. Тіпті ересектер үшін де кітапшалардың мазмұны қорлайтын деп саналды.

«Мектеп емес, притон», «Біз қандай клиент туралы айтып отырмыз?», Клиент, жұмыс… бұл не? Жезөкшелерге пайда ма, әлде не?» – деп ашуланған желі қолданушылары.

Жетісу облысының білім басқармасында түсіндіргендей, 7-9 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізіліп және «кибербуллинг» тақырыптарында бейнероликтер көрсетілген. Сабақ барысында психолог «қателесіп» буклеттер таратқан.

«Қалалық білім бөлімі тарапынан жіберілген салғырттық үшін мектеп әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта білім басқармасының басшысы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр», – деп толықтырды білім басқармасында.