Текелі қаласындағы №8 мектепте болған. 7-сынып оқушыларына таратылған кітапшалардың мазмұны ата-аналардың наразылығын тудырды.
Бұл суреттер желіде тарап, халықтың талқылауына түсті. Тіпті ересектер үшін де кітапшалардың мазмұны қорлайтын деп саналды.
«Мектеп емес, притон», «Біз қандай клиент туралы айтып отырмыз?», Клиент, жұмыс… бұл не? Жезөкшелерге пайда ма, әлде не?» – деп ашуланған желі қолданушылары.
Жетісу облысының білім басқармасында түсіндіргендей, 7-9 сынып оқушыларымен әңгіме жүргізіліп және «кибербуллинг» тақырыптарында бейнероликтер көрсетілген. Сабақ барысында психолог «қателесіп» буклеттер таратқан.
«Қалалық білім бөлімі тарапынан жіберілген салғырттық үшін мектеп әкімшілігіне түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Қазіргі уақытта білім басқармасының басшысы қызметтік тексеру жүргізіп жатыр», – деп толықтырды білім басқармасында.