Түркістан облысындағы тасжолда болған ірі жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.
Түркістанда жантүршігерлік жол апаты болды, үш адам көз жұмды
1,201
оқылды

Жол апаты Түркістан облысы Отырар ауданының Төрткөл-Шәуілдір-Түркістан-Кентау тасжолында Nexia маркалы автомобиль мен жүк автокөлігі соқтығысқаны анықталды. Апат салдарынан Nexia жүргізушісі мен оның екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Сонымен қатар осы автокөліктің бір жолаушысы дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.

“Бұл жайт ҚР ҚК-нің 345-бабы "Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүру немесе көлік құралдарын пайдалану ережелерін бұзуы" бойынша тіркелді. Сараптама тағайындалды, барлық жағдайлар анықталуда.

Тәртіп сақшылары жүргізушілер мен облыс тұрғындарын жол қозғалысы ережелері мен жол белгілерінің талаптарын сақтауға, жылдамдықты асырмауға және өз өмірі мен жолаушылардың өмірін сақтап қалу үшін қауіпсіздік шараларын қатаң қолдануға шақырады”, – деді Отырар АПБ бастығының міндетін атқарушы Медет Бөрібеков.