Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі.
Синоптиктер ертең бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады
847
оқылды

Синоптиктер 24 сәуірге арналған ауа райы болжамын және дауылды ескерту жариялады.

Ақмола облысының батысында найзағай, тұман күтіледі. Жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, облыстың батысында, солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с. Көкшетау қаласында 24 сәуірде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-20 м/с.

Маңғыстау облысының оңтүстігінде, шығысында, орталығында шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысады, күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында, орталығында 15-20 м/с күтіледі.

Астанада сәуірде жел оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15 м/с күтіледі.

Батыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында, шығысында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-шығысында шаңды дауыл. Солтүстік-батыстан жел соғады, түнде облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с, күндіз облыстың басым бөлігінде күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с. Петропавл қаласында 24 сәуірде солтүстік-батыстан жел соғады түнде екпіні 15-20 м/с, күндіз күші 15-20, екпіні 23 м/с.

Атырау облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с. Атырау қаласында 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Қостанай облысының шығысында, солтүстігінде найзағай күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде тұман. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде екпіні 15-20 м/с.

Павлодар облысының шығысында, орталығында найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. Павлодар қаласында 24 сәуірде күндіз найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Қарағанды облысында оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Абай облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстіктен солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Семей қаласында 24 сәуірде оңтүстіктен соғатын жел солтүстік-батысқа ауысады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, орталығында жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады, күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Өскемен қаласында 24 сәуірде оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-18 м/с.

Түркістан облысының тауларында найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, таулы аудандарында күші 15-20 м/с.