Баланың мәйітін өзеннің жағалауынан өтіп бара жатқан тұрғындар кездейсоқ тауып алған.
Ертіс жағалауынан 7 жасар баланың мәйіті табылды
1,493
оқылды

Оқыс оқиға Семей қаласында 21 сәуір күні болған. Ертіске ағып кеткен 7 жасар баланың мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Облыстық Төтенше  жағдайлар департаментінің мәліметінше, кеше сағат 19.56-да 112 пультіне аквапарк маңында баланың суға құлап кеткені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл жеткен. 

«21 сәуірде өзен жағасында ойнап жүрген 2016 жылы туған бала суға құлап кеткен. Іздестіру нәтижесінде, ұл баланың денесі табылды. Оны өтіп бара жатқан тұрғындар оқиға орнынан 15 шақырым жерде Ертіс жағасынан тауып алған», – делінген Абай облысы ТЖД-ның ресми хабарламасында.

Жоғалған баланы Абай облысы Төтенше жағдайлар департаментінен 20 адам, 6 техника және 3 қайық, LIDER.KZ-тен 20 ерікті, 50 полицей, баланың туыстары іздеді.