Полиция департаменті кісі өліміне қатысты тергеуді бастады.
«Арселор Миттал Теміртаудың» заңгерін пышақтап өлтіріп кетті
2,307
оқылды

Өрт шыққан пәтерден пышақ жарақатынан көз жұмған әйелдің мәйіті табылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Көз жұмған әйел «Арселор Миттал Теміртау» компаниясында заңгер болып жұмыс істеген. Компания әйелдің туыстарына көңіл айтып, ақпаратты растады. 

Өрт сөндірушілер Шахтинск қаласындағы Жеңістің 40 жылдығы көшесіне шақыртумен шұғыл жеткен. Хабар кеше сағат 13.01-де түскен. Құтқарушылар келгенде 6 шаршы метр жерде пәтердегі жиһаздар өртеніп жатқан.   

«Оқиға орнынан 1969 жылы туған әйелдің мәйіті табылды. Өрт сөндірушілер 9 адамды эвакуациялады. Жарты сағатта өртті толықтай сөндірді», – деді ТЖД-ның өкілі. 

Ал Полиция департаменті пәтердегі кісі өліміне қатысты тергеуді бастады.