Дін атын жамылған адам қамауға алынды.
Біреудің айтқанына еріп, ораза ұстаған 39 адам көз жұмды
9,045
оқылды

Кенияның Малинди қаласында аштықтан көз жұмған 39 адамның мәйіті табылды. Оларды ауыз бекітуге жергілікті пастор итермелеген. Бұл туралы Aikyn.kz сайты «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Полиция аштан өлейін деп жатқан тағы 15 тұрғынды анықтаған. Кейін олардың 4-уі көз жұмды. Тұрғындар «Исамен кездесу үшін Пол Макензи есімді пастордың нұсқауы бойынша аш жүргенін» айтады. Дін атын жамылған адам қамауға алынды. Ол өлген адамдарды шіркеу аумағына көме берген. Пастордың өзі қамауға алынғалы наразылық ретінде аштық жариялаған. 

Адам құқығын қорғауға атсалысатын белсенді Халид Хусейн: «Біз адамдардың өзін-өзі өлтіруіне жол бермейміз. Әр шіркеу, мешіт, храм мен синагога ресми тіркелуі тиіс. Біз ведомствоаралық комиссияны мына үлкен аумақты қарап шығуға шақырамыз. Адамдардың мәйіті әлі де табылуы мүмкін...», – дейді. 

Фото: novosti-zp.ru