Мемлекет басшысы реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделетінін атап өткен болатын.
Сарапшылар Президенттік институттың даму кезеңін талқылады
1,684
оқылды

Қазақстан Тұңғыш Президентінің кітапханасында сарапшылар «Жаңа саяси өзгерістер кезеңіндегі президенттік институт» атты дөңгелек үстелге қатысты. 

Іс-шара 1990 жылы 24 сәуірде құрылған аталған институттың кезекті мерейтойына орай өтті. 

Тұңғыш Президент кітапханасының директоры Бақытжан Темірболаттың айтуынша, Президенттік институт қазір Жаңа Қазақстан құрылысы жағдайында елеулі түрде қайта құрылып жатыр. 

Мемлекет басшысы реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» қағидасына негізделетінін атап өткен болатын.

 

Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің профессоры Ермек Әбдірасулов айтылған ұстанымымен келісе отырып, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ұлт алдына қойған мақсаттарына қол жеткізудің кепілі ретінде Жаңа Қазақстан жағдайында Президенттік институттың жетекші рөлін сақтаудың маңыздылығын атап өтті. 

Еуразиялық интеграция институтының директоры, Қазақстан Президентінің жанындағы Ұлттық құрылтайдың мүшесі Оразғали Селтеевтің пікірінше, мұны тиісті басқарушы элитаның қалыптаспай, іске асыру мүмкін емес.

Жуырда Президенттік институттың құрылған күніне орай арнайы көрме ашылды. Көрменің «Қазақстан Республикасындағы Президенттік институтының қалыптасуы» бөлімінде көпшілікке Президенттік институттың негізінің қалануы туралы материалдар ұсынылған. Атап айтқанда, Қазақ ССР-нің Мемлекеттік егемендігі туралы декларация, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» ҚР Конституциялық заңы, «Қазақ ССР Президенті қызметін тағайындау және Қазақ ССР Конституциясына (Негізгі заңына) өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң және т.б. маңызды құжаттар бар.

 «Президенттік институт: Жаңа Қазақстан» атты бөлімде Қазақстанның Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік институт эволюциясының ерекшеліктерін ашатын құнды деректер, құжаттар, жәдігерлер ұсынылған.