Екі-үш күнде бұршақ жауып, шаңды дауыл соғады

Батыста және оңтүстікте жел күшейіп, күн күркіреп, шаңды дауыл тұрады.

«Қазгидрометтің» мәліметінше, 25-27 сәуір күндері ауа райы құбылмалы болады. 

Атмосфералық фронт әсерінен батыс, оңтүстік, солтүстік өңірлерде жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыс, шығыста түнде жауын-шашын болады. Елдің қалған бөлігі батыс антициклонының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

Республика бойынша тұман күтіледі. Батыста және оңтүстік облыстарда жел күшейіп, күн күркіреп,  шаңды дауыл тұрады. 

Шығыста түнде көктайғақ, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30-ға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің орталығында 20-27-ге дейін, шығыста 15-23-ке дейін, оңтүстікте 25-33-ке дейін, оңтүстік-шығыста 17-25-ке дейін жылынады.