Оқиға 24 сәуірде Көксу ауданында болды.
Алматы-Өскемен тасжолында жол апатынан 2 адам қаза тапты
770
оқылды

Алматы-Өскемен тасжолында 2 адам қаза тауып, 4 адам ауруханаға түсті. Оның үшеуі  балалар.

Оқиға 24 сәуірде Көксу ауданында Алматы-Өскемен автожолының 190-шақырымында болды. 

Subaru Legacy көлігінің жүргізушісі рульге ие бола алмай қалып, машинаның аударылуына жол берді.

Жол апатында әйел мен бүлдіршін мерт болды. Әртүрлі жарақаттармен тағы 4 адам жақын маңдағы ауруханаға жеткізілді. Олардың арасында кәмелетке толмаған үш бала бар.

Оқиға орнында полицейлер мән-жайды анықтап жатыр.

«Жетісу облысының полициясы жол қозғалысына қатысушыларды Қазақстанның жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады. Жол қателікті кешірмейді. Жүргізушінің шамалы қателігі қайғылы салдарға әкелуі мүмкін. Есіңізде болсын, сіздердің әрқайсысыңызды жақындарыңыз үйде күтеді»,делінген Жетісу облыстық Полиция департаменті баспасөз қызметінің хабарламасында.