Ташкентте 1 мамыр алауы тұтанатын бокстан әлем біріншілігінде ел намысын қорғайтын боксшылардың тізімі жарияланды.
Қазір ұлттық құрама боксшылары Шымкент қаласындағы «Алма-Тау» базасында соңғы оқу-жаттығу жиынын өткізіп жатыр, – деп хабарлайды ҚР МСМ Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі.
Бас бапкер Мырзағали Айтжанов әлем чемпионатына қатысатын боксшылардың есімін атағаннан кейін, ақсақалдар «батасын» беріп, Қазақстан бокс федерациясының басшылығы өз тарапынан бағыт-бағдар мен нұсқауларын жасады.
Әлем чемпионаты 1-14 мамыр аралығында өтеді.
Өзбекстан астанасында ел намысын қорғайтын боксшылар:
48 келі – Санжар Тәшкенбай
51 келі – Сәкен Бибосынов
54 келі – Махмұд Сабырхан
57 келі – Серік Теміржанов
60 келі – Талғат Сырымбетов
63,5 келі – Санатәлі Төлтаев
67 келі – Дулат Бекбауов
71 келі – Асланбек Шымбергенов
75 келі – Нұрқанат Райыс
80 келі – Нұрбек Оралбай
86 келі – Сағындық Тоғамбай
92 келі – Айбек Оралбай
+ 92 келі – Қамшыбек Қонқабаев