Сарқан қаласында 23 сәуірде кешке қарай 4 жасар баланы көлік қағып кетті. Шетелдік көлікті 15 жастағы оқушы тізгіндегені белгілі болды.
Қайғылы оқиға 23 сәуір күні кешке Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болды. 4 жасар бала Honda Odissey автокөлігі дөңгелектерінің астына түсіп, аудандық ауруханаға жеткізілген кезде жан тапсырды. Белгілі болғандай, шетелдік көлікті 15 жастағы оқушы басқарған.
"Сарқан ауданының полициясы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамаларды тағайындай отырып, сотқа дейінгі тергеп-тексеру ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігі бойынша жүргізілуде. Көлік арнайы тұраққа қойылды", – делінген полиция хабарламасында.