Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл болады.
Синоптиктер бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды
801
оқылды

"Қазгидромет" синоптиктері бірнеше өңірде дауылды ескерту жариялады.

Алматы облысының оңтүстігінде, таулы аудандарда найзағай күтіледі. Облыстың солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Батыс бағыттағы жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарда екпіні 15-20 м/с.

Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Батыс бағыттағы жел солтүстік-шығыс бағытқа ауысады, найзағай кезінде екпіні 15 м/с.

Ақмола облысының солтүстігінде, шығысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Батыс Қазақстан облысының батысында қатты жаңбыр, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с. 

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі.

Атырау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, түнде облыстың батысында, шығысында, оңтүстігінде, күндіз облыстың басым бөлігінде екпіні 17-22, кей уақытта 25 м/с. 

Қызылорда облысында жел шығыстан соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, орталығында күші 15-20 м/с шаңды дауылмен күтіледі. 

Түркістан облысының солтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, батысында, таулы аудандарында күші 15-20, күндіз екпіні 23 м/с.

Маңғыстау облысының басым бөлігінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың басым бөлігінде 15-20, екпіні 23-28 м/с күтіледі. 

Абай облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. 

Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде жел солтүстік-батыстан соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с. 

Солтүстік Қазақстан облысының түнде солтүстігінде, шығысында, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында, оңтүстігінде оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі. 

Павлодар облысының солтүстігінде, батысында солтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с күтіледі.