Кішкентай балалардың ел аумағында жүріп-тұруға рұқсат құжаты болмаған.
Солтүстікте пәтерден заңсыз келген шетелдік балалар табылды
1,369
оқылды

Солтүстік Қазақстан облыстық Полиция департаменті ҰҚК СҚО бойынша департаментімен бірлесіп, Петропавлда 7 пәтерді тексерді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Онда Орталық Азиядан келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды.

Балалардың Қазақстан аумағында заңды түрде болуын растайтын құжаттары болмады. 

Тұрғын үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге Қазақстан аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұруы заңға қайшы болғандықтан,  факті 19 сәуірде ПБ Қылмыстық кодекстің  394-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. 

Жедел тергеу тобы құрылды.