Түркістан облыстық мәслихаттың бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтті.
Комиссия отырысын бюджет, экономика және ауыл шаруашылығы мәселелері жөніндегі тұрақты комиссияның төрағасы М.Тұрысбеков жүргізіп отырды. Отырысқа облыстық мәслихат төрағасы Н.Әбішов, «AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының төрағасы А.Үмбетәлиев, облыстық мәслихат депутаттары және облыстық басқарма басшылары қатысты.
Күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды.
1. Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/232-VІI «2023-2025 жылдарға арналған облыстық бюджет туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы;
2. Облыс әкімдігінің мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобаларының іске асырылу барысы жөніндегі есебі;
3. Түркістан облыстық мәслихаты төрағасының облыстық мәслихат қызметін ұйымдастыру, депутаттардың сауалдары мен сайлаушылардың өтініштері бойынша атқарылған жұмыстар және облыстық мәслихат аппаратының қызметі жөніндегі есебі;
4. Түркістан облысы әкімдігінің дербес құрамындағы өзгерістерді келісу туралы;
5. «Түркістан облыстық мәслихатының 2023 жылға арналған жұмыс жоспары туралы» Түркістан облыстық мәслихатының 2022 жылғы 13 желтоқсандағы №19/250-VIІ шешіміне өзгерістер енгізу туралы мәселе талқыға түсті.
Күн тәрібіндегі мәселелер бойынша жауапты басқарма басшылары баяндама жасады. Өз кезегінде, тұрақты комиссия мүшелері пікірлері мен ұсыныстарын айтып, аталған мәселелерді сессия қарауына енгізуге ұсынды.