Ол мемлекеттік лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.
Қызылордада шенеунік пара алғаны үшін сотталды
1,234
оқылды

Қызылорда қаласының №2 сот үкімімен Қызылорда облысының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының бөлім басшысы пара алғаны үшін кінәлі деп танылды. Бұл жайында Қызылорда облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.

Оған мемлекеттік лауазымдарды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айыра отырып, 15 000 000 теңге сомасына айыппұл түрінде жаза тағайындалды.

Сотталушы мемлекеттік қызметкер мемлекеттік сатып алу конкурсының келісімшартына сәйкес,  «Қызылорда облысының автомобиль жолдарын ағымдағы жөндеу және күтіп ұстау» нысаны бойынша 2021-2022 жылдар кезеңінде орындалған жұмыстардың актілеріне қол қойғаны үшін мердігер ұйым директорынан 500 000 теңге пара алған.

Сот үкімі заңды күшіне енгізілді.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЕВ, Қызылорда