Бұл жағдай қала тұрғындарын шошытты.
Көкшетауда бейіт маңынан адамның бассүйегі салынған пакет табылды
1,229
оқылды

Көкшетаудағы Бармашин шағынауданында ескі казак бейітінде адамның бассүйегі салынған пакет табылды. Бұл жағдай қала тұрғындарын шошытты, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бейіт маңындағы полиция қызметкерлері тұрғындарды алаңдатты.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері бұл жайтқа қатысты пікір білдірді. 

Полиция мәліметінше, Көкшетау қалалық полиция басқармасына тұрғын хабарласып, Бармашино маңындағы бейітке жақын аллеяда адамның бассүйегі мен сүйектері салынған пакет табылғанын хабарлаған. Айтуынша, пакет бейітте тазарту жұмыстары кезінде табылған. 

"Бұл дерек бойынша жедел тергеу тобы аттанды. Тексеріс барысында пакет ішінде расында да адам сүйектері екені анықталды. Сот медициналық сараптамасы тағайындалды. Оның нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады", - дейді Ақмола облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілдері.