17 сәуірде жедел іздестіру іс-шара барысында полицейлер бұрын сотталмаған Заречный ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады.
Ер адамның мәйіті табылды: Қостанай облысында аса ауыр қылмыстың беті ашылды
1,140
оқылды

Қостанай облысында полиция қызметкерлері аса ауыр қылмысты ашты.

 

Облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оған адам өлтірді деген айып тағылды.

«17 сәуірде жедел іздестіру іс-шара барысында полицейлер бұрын сотталмаған Заречный ауылының 52 жастағы тұрғынын ұстады. Ол қамауға алынды»,  делінген хабарламада.

Қазір  қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр, сараптамалар тағайындалды.

Бұған дейін 11 сәуірде Қостанай ауданында 59 жастағы тұрғынның мәйітін табу дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғаны хабарланған болатын.