Шымкент қалалық №2 ауруханасына жедел жәрдеммен 52 жастағы қала тұрғыны аса ауыр халде жеткізілді.
Шымкенттік дәрігерлер өліп қалған адамды тірілтіп алды
1,821
оқылды

Шымкенттік дәрігерлер клиникалық өлім күйіне түскен адамды тірілтіп алды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат. 

Шымкент қалалық №2 ауруханасына жедел жәрдеммен 52 жастағы қала тұрғыны аса ауыр халде жеткізілді. Науқас жолда клиникалық өлімді бастап кешкен. Қиындықтарға қарамастан, дәрігерлер оған дер кезінде алғашқы көмек көрсетті. Нәтижесінде,  жүрегі тоқтап қалған тұрғынның күретамыры қайта соққан.

«Тұрғын ауруханаға жеткізілген сәтте жағдайы өте ауыр болды. Клиникалық өліммен жеткізілді. ИВЛ аппаратын қостық. Қазіргі жағдайы тұрақты, науқас өздігінен демалып жатыр. Пациент үшінші күні жансақтау бөлімінен кардиология бөлімшесіне ауыстырылды», – дейді реанимация бөлімінің меңгерушісі Ержан Шераліұлы.