Әйел күйеуімен жанжалдасып, содан кейін өз-өзіне қол жұмсау туралы шешім қабылдаған.
ШҚО-да 9-қабаттан секірмек болған әйел құтқарылды
1,629
оқылды
25 сәуірде құтқарушыларға көпқабатты тұрғын үйдің тоғызыншы қабатының балконынан адам секіргелі тұрғаны туралы хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына келіп жеткен ШҚО ТЖД мамандандырылған жасағының қызметкерлері балконнан салбырап тұрған әйелді көреді.

"Құтқарушылар дереу жұмсақ балонды жаюға көшті. Сонымен қатар үйдің артқы жағынан ШҚО ТЖД мамандары автосатыны көтеріп, сол арқылы аталған пәтерге кіріп, байқатпай әйелді ұстап алып, оны ішке сүйреп кіргізді",  деді департаменттің баспасөз қызметі.

ТЖД жедел-құтқару жасағының психологі, полиция мен жедел жәрдем қызметкерлері жекелей әйелден сұрақ-жауап алды.