Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы ауысты.
«Канеломен» бір кеште өнер көрсететін қазақстандық боксшының қарсыласы ауысты
880
оқылды

Мексиканың Гвадалахара қаласында өтетін бокс кешінде қазақстандық Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы ауысты, – деп хабарлайды Sports.kz.

 

Гвадалахарадағы бокс кешінде екінші орта салмақтағы әлемнің абсолют чемпионы Сауль «Канело» Альварес пен британдық Джон Райдер жұдырықтасады. Бұл кеште андеркардта екі қазақстандық өнер көрсетеді.

Алғашында Әбілхан Аманқұлдың (3-0, 3 КО) қарсыласы ретінде жергілікті боксшы Хесус Паломарес (7-2-1, 4 КО) аталған болатын. Енді BoxRec.com сайтында Аманқұлдың оппоненті ретінде өзге мексикалық Фабиан Риоса Фраусто (7-6-3, 4 КО) көрсетілген.

Аталған кеште сондай-ақ рингке тағы бір қазақстандық Бек Нұрмағамбет (9-0, 7 КО) шығады. Оның қарсыласы – венесуэлалық Аргенис Эспаньей (15-1, 14 КО).