Оралда гараж өртеніп, үш адам қаза тапты.
Оралда өртенген гараждан үш адамның мәйіті табылды
1,429
оқылды

БҚО Полиция департаментінің мамандары қаза тапқан үш адам туралы айтты, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Полицейлердің айтуынша, қаза тапқандар – 1982 жылғы әйел және 2002 жылғы ер адам. Тағы бір ер адамның жеке мәліметтері анықталып жатыр. 21 жастағы ер адам гаражды жалға алып, жұмыс істеген. Марқұмдардың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

Айта кетейік, оқиға 25 сәуір күні кешке болды. 

Сағат 20:58-де А.Құсайынов көшесі, 3 мекенжайында аумағы 30 шаршы метр гараж бен оның ішіндегі «ВАЗ-2121» (Нива) автокөлігі отқа оранды. 

Өрт жалыны жеке тұрғын үйдің (42 шаршы метр) төбесін шарпыды. Гараждан үш адамның мәйіті табылды. Әрқайсысының сыйымдылығы 50 литр 4 оттегі баллоны шығарылды. Өрт сағат 21:32-де оқшауланып, 22:02-де сөндірілді. Барлығы 23 адам (7 техника) жұмылдырылды. Оқиға орнында 20 полицей жұмыс істеді.