Сот-медициналық сараптама тағайындалды.
Екібастұзда полиэтилен қапшықтан мәйіт табылды
1,343
оқылды

Полиция тұрғындардан мәйіттің жеке басын анықтауға көмек көрсетуді сұрайды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Polisia.kz-тің дерегінше, Екібастұз қаласы Қ. Нұралин көшесіндегі ескі зиратқа кіре берісте полиэтилен қапшықтан адамның қаңқасы табылды. 

ҚР ҚК 99-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды.

Мәйіттің жанынан «Челси» футбол командасының эмблемасы бар Adidas фирмасының көк түсті футболкасы, Nike-тың қара түсті спорттық шалбары, сұр жолақтары бар қара түсті күртеше және қара түсті шұлықтар табылған. 

Қандай да бір ақпаратты білетіндер болса мына телефондар арқылы хабарлауды сұраймыз: Екібастұз қ. ПБ кезекші бөлімі: 8 (7187) 75-06-06, 75-05-54, 75-05-45.

Қылмыстық полиция бөлімі: 8-776-269-41-28, 8-775-334-57-95 немесе 102 телефоны бойынша хабарласа алады.

Егер куәгер хабарласса, барлық дерегі құпия сақталады.