Бейнежазбаны қоғам белсенділері түсірген.
Талғар маңында сойылған иттердің терісі көмілген қорым табылды
1,152
оқылды

Алматы облысының Талғар ауданында сойылған иттердің терісі жиналған қорым табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 сәуір Instagram әлеуметтік желісіне мониторинг жүргізу барысында Талғар ауданы Кендала кентінің аумағында орналасқан мал қорымы тіркелген бейнежазба анықталды. 

Бейнежазбада жүздеген иттің сойылып жатқанын көруге болады. Кадрлардағы мәліметке сәйкес иттердің көбінің қарғыбауы бар. Осы бейнежазбаны түсірген қоғам белсенділері өз тергеулерін жүргізгендерін айтады.